Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, мерт болды

Оқиға 10 қазан күні Аршалы ауданында болған.

Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, мерт болды
ашық дереккөз
756

Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

«10 қазан күні Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған қызметкер 1967 жылы туған жергілікті тұрғын абайсызда жоғары кернеуге ұшырағанын анықтады. Экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, ер адам 6 мың вольтты электр тогымен зақымданды», - деп жазылған хабарламада.  

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша «Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары белгіленуде.

Серіктес жаңалықтары