Қос азаматтығы бар әйел 20 жылға жуық Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Зейнеткерлік жасқа жеткен әйел Қазақстаннан және Ресейден де зейнетақы төлемдерін алып отырған.

Қос азаматтығы бар әйел 20 жылға жуық Қазақстаннан зейнетақы алып отырған
Tengrinews
1349

Шығыс Қазақстан полицейлері қазан айының басында қос азаматтығы бар заң бұзушыны анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Алтай ауданының 76 жастағы тұрғыны 2002 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алғаны анықталды. Сонымен қатар 2004 жылы зейнеткерлік жасқа жеткен әйел Қазақстаннан және Ресейден де зейнетақы төлемдерін алып отырған. Мемлекетке келтірілген залал 13 миллион теңгеден асады.

«Қазіргі уақытта шетел азаматынан Қазақстан құжаттары тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы құжат тіркелді. Бұдан басқа, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды» – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Нұрлан Жеңіқсанов.

Айта кетсек, ШҚО-да жыл басынан бері 45-тен астам адам азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

Серіктес жаңалықтары