906
Заңсыз иемденілген активтерден түскен қаржы қайда жұмсалады?
ӨКМ операторы ісі бойынша 180 миллиард теңге қайтарылды.
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Антикорға 857 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында өткен талқылауда Антикор өкілі Қанат Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл сомаға ақша ғана емес, жылжымайтын мүлік те кіреді. ӨКМ операторы ісі бойынша 180 миллиард теңге қайтарылды. Бұл ақшаның бір бөлігі жеңілдетілген автонесие алуға жұмсалды. Яғни, ақша мен мүліктің барлығы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Жыл соңына дейін 180 миллиард теңге қайтарылады. Бұл да мүлік пен ақша», — деді Қанат Сүлейменов.