Тұран даласы жайлы туынды

«Неге кітап атауы «То­пансу» уақиғасымен байланыстыра қойыл­ған, ол апатты тасқынның «Ұлы Да­ланың жүзін жуған» сәті қандай?» де­ген көңіл баурар сауалдар кім-кімді де ойландырары анық.

Тұран даласы жайлы туынды
ашық дереккөз
1876

Есімі қазақ оқырманына біре­гей көркем туын­ды­лары­мен танымал жазушы, белгілі пуб­­лицист, саяхатшы Сайлау­бай Жұбатырұлының «Топансу жүзін жуған Ұлы Дала» атты кезекті кітабы өзі­­нің атауы көрсетіп тұрғанындай, әр оқыр­­манды өзіндік бір құпиялы­лығы­мен, ерек бір жасырын күшімен таң­ғал­дыра тартары анық. «Неге кітап атауы «То­пансу» уақиғасымен байланыстыра қойыл­ған, ол апатты тасқынның «Ұлы Да­ланың жүзін жуған» сәті қандай?» де­ген көңіл баурар сауалдар кім-кімді де ойландырары анық. Әйтсе де, кі­тап­пен таныса келе, ондағы көтерілген мә­селелердің ауқымы біз ойлағаннан мүл­де бөлектеу, тереңдеу екеніне көз жет­кізесіз. Кітапта тарих, философия, геог­рафия, әдебиеттану, тіл, дінтану жә­не тағы басқа ғылым салаларының бір-біріне жақын аспектілері қарас­ты­рылады, автордың ешкімге ұқсамайтын өзіндік ойлары мен тұжырымдары алға тартылады.

Автордың өзі кіріспе сөзде («Ой жүйесі») ай­тып өткеніндей, кітаптың материалдарын жа­зу­шының әр жылдары республикалық ба­сы­лым­дарда жарияланған көлемді ғылыми-көп­шілік, ой­тастар, ойсалар танымдық мақалалары құ­рай­ды. Тіпті, кейбір мақалалар сипаты жа­ғы­нан ғы­лыми танымдықтан гөрі ғылыми-фан­тас­ти­каға жақындау ма деп қаласыз. Кітаптағы кө­терілген мәселелердің бәрі айналып келгенде Ұлы Дала деп аталып жүрген өзіміздің Ота­ны­мыз – Қа­зақстан тарихының ең ежелгі кезең­де­ріне қа­тысты сұрақтарға жауаптар іздестіреді және де ав­тор бұл саладағы өзіндік бірегей тұжырымдарын ұсы­нады. Ол тұжырымдарды оқырман қабыл­дай ма, қабылдамай ма, ол әркімнің өз ісі. Бірақ мұн­дағы әр ой-пайым ешкімді де бейжай қал­дырмасы анық. Өйткені кітапта біздің жыл са­науымызға дейінгі ежелгі тарихта өтті деп бол­жанған, дәлелденген, адамзат баласының өмі­ріндегі аса күрделі тарихи үдерістер туралы бізге ете­не табиғатты сөз бар. Сол аса маңызды үде­рістер Ұлы Дала аумағымен байланыста қарас­ты­рылады, Ұлы Тұран Даласына қатыстылығы н­егізделе айтылады. 
Адам баласы жаратылғаннан бері өзі өмір сү­ріп отырған әлеуметтік орта мен қоршаған та­биғаттың ғажап құбылыстарын, болмыстың кере­мет сәттерін, тылсым күштерін, оның құпия жұмбақтарын танып білуге, сол құбылыстардың с­ебеп-салдарын анықтауға ұмтылумен келе жат­қаны мәлім жайт. Адамзаттың ғұмыр бойына со­зылған және күні бүгінге дейін үздіксіз жал­ға­сып келе жатқан бұл білуге деген ұмтылысы, білу үдерісі ақыл-ойдың жемісі – таным деген ұғымды қалыптастырды. Қазір таным ұғымы кең қанат жайып, оның арғы-бергі шекарасын анықтаудың өзі қиынға айналып бара жатқандай. Дегенмен та­ным теориясымен арнайы айналысқан ма­ман­дар оның үш түрі бар екенін айтады. Біріншісіне, прак­тикалық танымды немесе адамның сезім мү­шелері арқылы қоршаған ортаны тануды ай­та­ды. Екіншісіне, шығармашылық танымды, яғни қор­­шаған ортаны, өткен, бүгінгі өмірді ша­быт­тану, әсерлену арқылы көркемдеп танып-білу­ді жат­қызса, ал үшіншісіне, ғылыми танымды айта­ды. Осы таным түрлерінің бәріне ортақ және әр­­­қайсысының жеке өздеріне ғана тән ерек­шеліктері бар. Мұны талдап айтып жатқа­ны­мыздың себебі, осының белгілі жазушы Сайлаубай Жұ­батырұлының «Топансу жүзін жуған Ұлы Да­ла» атты кітабының бар болмысына қатысы бар. Таным­ның алғашқы кезеңі көруден, ұстаудан, есту­ден, яғни сезім мүшелері арқылы танып-білу­ден басталса, бұл автор жазушы-саяхатшы ретінде Ұлы Даланы оңды-солды жаяулатып ара­лап, кітапта айтылатын – Тұран, Арал, Сыр жә­не тағы басқа да географиялық аймақтарды көз­бен көріп, тынысын аңдап, ауасын жұту ар­қылы шығармашылық танымның тұғырынан үн тас­тайды. 
Құдайдың берген таланты мен дарыны арқа­сын­да автор танымның екінші сатысы деңгейіне та­бан тіреп, сыртқы әсерленуден туған ерекше се­зім­дерін ойға бөлеп, қиялын алыстарға ұшы­ра­ды, шабыттың қанатына мініп, Жер деген пла­­­нетаның өзіне ғарыш биігінен қарағандай ерек әсерге барады. Сөйтіп, ой мен қиял, шабыт пен шығармашылық қасиеттер авторды Ұлы Да­ла­ның көз жетпейтін өте алыс және өте тереңдегі құ­пия тарихына қатысты небір болжамдар, тұ­жы­рымдар жасауына алып келеді. Ал С.Жұба­тыр­ұлы танымның ең жоғары түрі саналатын – ғы­лыми танымды да, құр тамсаныста айналып өт­пей, оның ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы алынған жаңалықтарымен бөліседі, өз ойларын салыс­тыра­ды, бағамдайды.
Кітаптағы автордың ой-пікірлері мен тұ­жы­рымдары тек жазушы қиялы мен ша­бы­тынан туып қана қойған емес. Жазушы ғы­лы­ми танымның зерттеу элементтерін қолданып, де­ректерге жүгінеді. Олардың қатарына «Гиль­га­меш» дастаны, Платонның «Атлантида...» зерт­теу­лерінің материалдары, әлем халықтарының аңыз­дары қатары, антикалық авторлардың ең­бек­теріндегі мәліметтер, Латын Америкасы, Қы­тай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Океания аңыздары жат­қызылады. Мысалы, бір ғана Топансу туралы, оның болған уақыты мен қамтыған ауқымы ту­ра­лы сөз еткенде тарихнамалық материалдар мен деректер қатар пайдаланылады. Бұл жазу­шы­ның ғылыми таным әдістеріне де батылырақ терең­деп барған сәттерін көрсететін мысалдар. Және осы тәсіл айтылған ойларды тарихи негіз­ді­лікпен демеп, ғылыми сөз деңгейінен ұғынуға ша­қырады.
Кітап атауының өзі айтып отырғандай, «То­пансу жүзін жуған Ұлы Дала» атауы кездейсоқ қойыл­маған. «Аңыздардың тірілуі» атты бөлімде жазу­шы бірнеше ғана жалпыға мәлім деректер мен аңыз мәліметтеріне ғылыми танымдық тұр­ғыда қарайды, кей тұста ойы мен қиялына еркін­дік береді, кей жерде оларды тізгіндеп, сөйтіп осы­дан 10-15 мың жылғы тарихқа барлау жасай­ды. Тіпті, кейбір болжамдары сол заман жұртшы­лы­ғымен тұстас, көзбен көріп жазғандай әсер бе­реді. Автор тұжырымдары сонысымен қызық­ты. Солардың ең негізгілерінің бірі – жер бетінде адамдар куә болған бір алып апат – Топансудың бо­лып өткен уақыты туралы. Бұл әлемдік апат туралы ойын автор былайша бастайды: «Топансу біз үшін әуелі ертегі еді. Сосын оны діни ілімдер сө­зінен ести бастадық. Оның шындық тұғырын ғы­лым көптен іздестіріп жатыр...» деп жал­ғас­тырады да, діни деректер мен антикалық ав­тор­лар­дың мәліметтерін, жер бетіндегі халықтардың То­пансу туралы аңыздарын саралай келе, сол ай­тулы Топансудың осыдан 12-15 мың жылдар бұрын болғаны туралы пікірді ұсынады. Әрине, бұрын­нан да бар, әр жоба-жорамалда айтылып жүр­ген ой-тұжырымдар. Бірақ бұл автор интер­пре­тациясында біраз сабақты ойлар бар. Жазу­шы­ның ойынша, әлемдік Топансудың болуымен ежел­гі адамдардың ұзаққа созылған бір дәуірі аяқталады. Оған адамдар қоғамының имандылық ахуалы басты себеп болады. Автордың «Топансу – дәуірлер табалдырығы» деген ойы тіпті қызықты. Со­нымен бірге жазушы Арал теңізінің де пайда бол­ған кезеңін сол уақытпен байланыстырады. Бұ­дан кейін оқырманға Арал теңізі жер бетін жай­лаған апатты судан кейін қалыптасқан жә­дігер-су деген ойдың өзі-ақ келеді...
Жазушы Топансудан жер бетіндегі тір­ші­лікті құтқарған Нұх пайғамбар туралы, оның кемесінің Қазығұрт тауына табан тіреуі ту­ралы аңыздарды тірілтіп, осы жөніндегі аңыз­дар­дың бірнеше нұсқаларын салыстыра қарап, ол оқиға Тұран аумағында өткен деген қоры­тын­дыға келеді. Автордың ұшқыр қиялы мен ойы бұ­­­лармен шектелмей, Топансудан кейінгі жер бе­тіне адамдардың таралуы туралы болжамдары да қызықты. Топансу – дәуірлердің алып табал­ды­рығы деген қағиданы ұсынады. Оған сүйенсек, адам­зат тарихын Топансуға дейінгі және Топан­су­дан кейінгі деп бөлуге болады. Топансудан кейін Ұлы Дала (Тұран) аумағында өсіп-өнген адам­зат баласы алты түрлі жолмен (Ұлы көштер та­раулары арқылы) Америка құрлығына, Оңтүс­тік-Шығыс Азия аумағына, Оңтүстік Азияға, Таяу Шы­ғысқа, одан әрі Ніл алқабына, Еуропаға қо­ныс­­тана бастаған деген болжамдарды алға тар­та­ды. Жер бетінде ежелгі адамдар бір аумақта пай­да болып, уақыт өте келе басқа аймақтарға та­ралған, ол пайда болған аумақ − Жерорта теңізі ау­мағы деген пікір үстем болып келсе, жазушы С.Жұбатырұлының пікірі бұл тұжырымның ал­ғашқы бөлігімен – ежелгі адамдар алғашында бір ау­мақта ғана пайда болған деген пікірмен сәйкес ке­леді. Ал ол қай жерде пайда болған деген сауал­ға – Ұлы Дала аумағында деп жауап береді. Соған бай­ланысты қазіргі Қазығұрт атауының түп-не­гіз­інде «Қазық жұрт» деген атау жатыр деген ойы кім­ді болса да қызықтыра түседі.
Автордың мұндай батыл қорытындыларынан өзге жұрттар қалай шошып қорықса, тұрандықтар дәл солай бөркін аспанға атып қуанады деуге бо­­­­латын сияқты. Басқаша айтқанда, автор қалай де­сек те туған Отаны Тұранды – Жер деген пла­нетаның кіндігі, тарихының бастауы деп са­най­ды. Мұндай батыл ойлар тек нағыз патриоттарға ға­на тән болса керек және осы батылдығымен өзі­не басқалардың назарын еріксіз аударуға, өр­ке­ниетті түрде мәжбүр етсе керек.
Автордың керемет ойлары мен батыл тұжы­рым­дарының кейбіреулерінің маңызы күшті. Жер деген планетаның Еуразия атты құрлы­ғын­дағы Тұран деген аумақтың құрамдас бөлігі бо­лып саналатын Ұлы Дала аумағында тарих То­пан­суға дейін-ақ басталғаны жалған болмас. Ал ке­неттен келген нәубет – Топансу көпке бармай, бар болғаны 4-5 айға созылғанын тілге тиек етеді. То­пансуға дейін болған құрлықтар мен ондағы мә­дениеттер оның кері салдарларына шыдас бере алмай өмір сүруін тоқтатса, Тұран (Ұлы Дала) ау­мағы Топансуға төтеп бере алады, оның қыс­қаша ғана ауыртпалығына шыдайды, төтеп бере­ді. Топансудан кейін де бұл қасиетті өлкеде өмір жал­ғасады. Және де содан бері қаншама мың­да­ған жыл өтсе де, Тұран үшінші мыңжылдыққа аман-есен жетіп, өмір сүруін жалғастыруда. Бұдан шы­ғатын мәнді түйіндердің бірі – Жер ғалам­шары тұрғанда Тұран мәңгі өмір сүре береді.
Кітаптың ең қызықты, құнды жерлері одан әрі жалғасып, «Ұлы Дала: терең тамырлы өр­­­­кендер бастауы» мен «Ежелгі Ұлы көштер», «Арий – Зердеш (Заратуштра) – Сақ...» тарау­ша­лары айтылмақ ойларды ары қарай нақты түрде да­мытады. Қысқаша түйіндеп айтсақ, Ұлы Тұран кеңістігі әлемді жайлаған Топансудан кейін қайта да­мып, әлемнің орталығына айналады. Сол орта­лық Тұраннан әлемнің төрт жағына қарай төрт ба­ғытқа алты ұлы көш өтеді. Мұндай тұжырым­дар­ды шабыты мен қиялына қанат бітірген автор се­німді түрде түйіндейді.
Автор жоғарыда айтылған ой-тұжырымдарын лингвистикалық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Қа­зіргі кезеңде ғылымда ежелгі дәуірдегі адамдар бір ғана тілді қолданған деген пікірлердің бар еке­­­нін айта кеткеніміз жөн. Жазушы С.Жұ­ба­тырұлы осы концепцияны – адамдар бір аумақ­тан таралған деген оймен демеп және олар бір тіл­ді қолданған деген тұжырымды алға тартады, оны толықтырады, өзіндік дәлелдеулерімен не­гіз­дейді. 
Сонымен, жоғарыда айтылған қысқа нұсқалы ой­ларымызды қорыта келе, жазушы Сайлаубай Жұ­батырұлының «Топансу жүзін жуған Ұлы Да­ла» атты кітабы оқырмандарға терең ой салар, та­нымдық жағы мол, рухани тұрғыдан пайдалы ең­бектердің бірі деп есептеймін.

Берекет КӘРІБАЕВ,
ҰҒА академигі, 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,
тарих ғылымдарының докторы

Серіктес жаңалықтары