Жетісуда жолда отырған ер адамды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жетісуда жолда отырған ер адамды көлік қағып кетті (ВИДЕО)
polisia.kz
1380

Жетісу облысында көліктің адамды қағып өлтірген кезі бейнетіркегішке жазылып қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болған. Алматы – Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті. Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін болғанын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Серіктес жаңалықтары