Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді
Ашық дереккөз
1026

Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйеліне он шақты рет пышақ сұққан, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында тарады.

Онда Алматыдағы емхананың темекі шегетін бөлмесінде әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, оны 8-10 мәрте пышақтағаны айтылған.

Алматы полиция департаменті аталған деректі растады.

«Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары