Қазан айында ауа райы қандай болады?

Қазан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазан айында ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз
1294

Бірінші онкүндікте атмосфералық фронттардың жиі өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді, 3-4 қазанда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, түнде таулы аймақтарда жаңбыр жылбысқы қарға айналуы мүмкін. Тек кей күндері ғана республика бойынша күн жылы әрі ашық болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бірінші онкүндікте ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде:

батыста түнде +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон +20+27°С;

оңтүстік-батыста түнде +7+15°С-тан +12+17°С-қа дейін, күндіз +22+27°С-тан +24+29°С-қа дейін;

республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында түнде 0,+7°С-тан, жекелеген аудандарда 3 градус аяздан +5+12°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +17+22°С-қа дейін;

елдің оңтүстігінде негізгі фон түнде +5+13°С, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін жоғарылайды;

Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде +5+13°С-тан +3+9°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +13+21°С-қа дейін, таулы аудандарда түнде 0,-5°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқуы күтілуде.

Онкүндіктің соңында күндізгі ауа температурасының төмендеуі болжанады:

еліміздің солтүстік жартысында +8+13°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +17+25°С-қа дейін,

оңтүстік-шығыс аймақтарда керісінше +22+27°C-қа дейін ауа райы жылынады.

Екінші онкүндіктің басында елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Айдың ортасында бұлтсыз ауа райы және температураның жоғарылауы күтіледі.

Айдың соңында республиканың барлық аумағында суық ауа райының кезекті толқыны болжанады, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман мен көктайғақ құбылыстары, екпінді жел болжанады.

Ауа температурасы төмендейді:

батыс өңірлерде түнде -5-10°С-қа дейін, күндіз +15+20°С-тан +3+8°С-қа дейін;

республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде 0,+5°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз +11+16°С-тан -3-8°С-қа дейін;

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +7+12°С-тан -2-7°С-қа дейін, күндіз +18+23°С-тан +5+10°С-қа дейін.

Серіктес жаңалықтары