Талдықорғанда зейнеткер банк бөлімшесінде өзіне қол жұмсаған

74 жастағы кейуана қарызын өтей алмаған.

Талдықорғанда зейнеткер банк бөлімшесінде өзіне қол жұмсаған
Ашық дереккөз
2230

Талдықорғандағы банктердің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, 74 жастағы кейуана қарызын өтей алмаған. Содан соң ол банк бөлімшесіне барып, сол жерде өзіне қол жұмсамақ болған.

Несие алған банкке барған кейуана қолын пышақпен кесіп жіберген. Бақытымызға орай, жарасы тайыз болып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін егде жастағы науқас амбулаторлық емдеуге үйіне жіберілді.

Қазақстандықтар қарызға батып кетті: банктер қазір тіпті азық-түлікке де несие алуға мүмкіндік беріп отыр, халық мұны белсенді түрде пайдаланып жатыр. Тіпті президент 2019 жылғы несиелік амнистия жағдайды шынымен жақсарта алмағанын мойындады.

Қаржы сарапшыларының айтуынша, Қазақстанның ересек тұрғындарының тең жартысы несие алған. Тек 2016 жылдан бері жеке тұлғаларды несиелендіру 340%-ға – 4,2 триллионнан 14,2 трлн теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің саны қысқарды. Яғни, қаржылық қызметтер нарығында, табиғаттағы сияқты, тек ең күштілер ғана аман қалады.

Серіктес жаңалықтары