Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар.

Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды
Видеодан алынған кадр
1676

Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Бейнеу-Ақтау тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайы - ауыр. Ал қалған екі науқас аудандық ауруханада әлі емін жалғастырып жатыр. 

"Екі науқас реанимация бөлімінде тәуліктік бақылауда. Оның бірі 2020 жылы туған. Қазір ол ІІІ дәрежелі комада, жағдайы - ауыр. Ал 1987 жылы туған науқас І-ІІ дәрежелі комада жатыр. Жағдайы - өте ауыр", - дейді Бейнеу орталық аудандық ауруханасының баспасөз қызметі өкілдері.

Жол апаты 9 қыркүйекте сағат 11:50-де республикалық маңызы бар Бейнеу-Ақтау тас жолында болған. Екі адам қаза тауып, төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілген болатын.

Серіктес жаңалықтары