Танымал актер Асылхан Төлепов қайтыс болған ұлын еске алды

Асылхан Төлепов ұлдарына сүндет той берді.

Танымал актер Асылхан Төлепов қайтыс болған ұлын еске алды
instagram/assylkhantolepov
2170

Танымал актер Асылхан Төлепов ұлдарына сүндет той берді. Ол тойдың алдында қайтыс болған ұлын еске алып, жан тебірентерлік жазба жариялады, деп жазады turkystan.kz.

"Ассалаумағалейкүм, Аханай балам..! Сенсіз 1,5 жыл өтті. Бүгін ағаларың Алпамыс, Абылайхан және інің Әлиханның сүндет тойы. Әттең... Сенсіз... Бұл күнге сен жете алмадың ғой. Бүгін сен де талтаң басып, жүгіріп жүрер ме едің? Алайда сен үлкен ерлікпен, батырлықпен талай жүкті арқалап кеттің. Бүгінгі кеште сенің орның менің жүрегімде ерекше болады. Саған арнап ән айтқым келді. Бірақ барлығының жылағанын қаламадым және сенің жаның тыныш болғанын қаладым. Сені сағындық", - деп жазды Асылхан Төлепов.

Серіктес жаңалықтары