4568
«Қате кеткен»: Израиль билігі Қазақстаннан кешірім сұрады
Кестеде Қазақстанан бір азамат бар деп көрсетілген.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ХАМАС шабуылы кезінде Израильде жоғалып кетті деген қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға ХАМАС мүшелерінің зымырандық шабуылы мен қарулы шабуылы кезінде қайтыс болған немесе із-түссіз жоғалған елдің азаматтары туралы дерегі бар кестені таратқан. Бұл кестеде Қазақстанан бір азамат бар деп көрсетілген.
Алайда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильде із-түссіз жоғалған Қазақстан азаматы туралы мәліметті жоққа шығарды.
"Шындыққа жанаспайды, Израиль билігі кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады", - деді Смадияров.