«Судья жазаны дұрыс кесті»: Белгілі заңгер актер Асқар Жұмабекке қатысты ойын айтты

Оның сөзінше, өнер иесі бұзақылығы үшін, осымен екінші рет сотталған.

«Судья жазаны дұрыс кесті»: Белгілі заңгер актер Асқар Жұмабекке қатысты ойын айтты
turkystan.kz
1754

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек актер Асқар Орынбектің даулы оқиғасына қатысты пікірін білдірді.

«Байдың, атақты адамның баласы ғана кінәлі деген теріс түсінікті жою керек! Әділетті Қазақстан құрғымыз келсе, қылмыс жасаған адамға бай немесе кедей деп статус беріп ақтап, жақтауды доғару керек! Екі күннен бері актерге көмек беріңіз деп жекеме шықпаған адам қалмады. Айқайлап көмек сұрап шыққан адамның бәрі пәк емес!

Ең бірінші, бұл актер жігіттің өзі алдын дәл осылай біреуді ұрып, шартты түрде сотты болған екен. Яғни бұл бұзақылық ісін екінші рет қайталағаны үшін, ауыр жаза арқалап отыр. Олар бай мен кедеймін деген актерлік шеберлік сотта өтпейді.

Мына видеода актердің өзі бірінші қол жүгірткені көрініп тұр. Байдың баласын жатқызып алып бәрі жабылып тепкілеу, ол -  жігіттік емес!

Ойбай, байдың баласының сөзін сөйлеп жатсың, ақшаға сатылып кеттің ба деп жазатындар шығады қазір. Кедейлер қылмыс жасамайды деген заңды алып келіңдерші!» - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары