1266
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қытайға барады
Президент сапар аясында Қытайдың ірі компания басшыларымен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады.
Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.
Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының 9-15 қазан аралығындағы жұмыс аптасына видеошолу жарияланған болатын.