Министрлік орташа зейнетақы мөлшерін жариялады

1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды.

Министрлік орташа зейнетақы мөлшерін жариялады
aqmeshit-aptalygy.kz
3812

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды», - делінген хабарламада.

1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миилион 312 мың адам.

«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге», - деп толықтырды ведомство.

Серіктес жаңалықтары