Қазақстанда қанша көлік бар?

Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5085,4 мың бірлікті құрады.

Қазақстанда қанша көлік бар?
elorda.info
1474

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5085,4 мың бірлікті құрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның 87,9%-ы – жеңіл автомобильдер, 10%-ы – жүк автомобильдері және 2,1%-ы – автобустар.

Республика бойынша 4 249,4 мың жеңіл автокөлік жеке меншік иелерінің меншігінде. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жеке меншік иелеріндегі жеңіл автомобильдер саны 17%-ға артты.

Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (500,9 мың бірлік), Алматы (500,1 мың бірлік) және Астана (311 мың бірлік) қалаларының тұрғындарына тиесілі.

«Халықтың жеке меншіктегі жеңіл автомобильдермен қамтамасыз етілуі бойынша 100 адамға шамамен 23 бірлік көліктен келеді. Өңірлер бөлінісінде жеңіл автокөлікке ең көп ие тұрғындар Шығыс Қазақстан облысында, 100 адамға 41 көліктен, одан кейін Алматы облысы – 34 көліктен, Қарағанды облысы – 27 көліктен», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары