«Шалбары шешілген»: Екібастұз спорт кешенінде жүрген ер адам күдікке ілінді

«Жасыбай» спорт кешеніндегі жарыстарда шалбарын төмен түсірген адам өзін журналист ретінде таныстырып, балаларды видеоға түсірген.

«Шалбары шешілген»: Екібастұз спорт кешенінде жүрген ер адам күдікке ілінді
Видеодан кадр
783

Әлеуметтік желіде ер адамның ерсі қылығы түсірілген видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, желі қолданушыларының бірі «Жасыбай» спорт кешеніндегі жарыстарда шалбарын төмен түсірген адам өзін журналист ретінде таныстырып, балаларды видеоға түсіргенін, сондай-ақ балаларға әдепсіз сұрақтар қойғанын жазған. 

Спорт мектебінің әкімшілігі бұл оқиға 14-15 қазанда дзюдо залында джиу джитсудан  өткізілген турнир  кезінде түсірілгенін хабарлады.

«Спорт кешеніне кіре берісте ер адамның бойынан психикалық ауытқудың сыртқы белгілері байқалмады, ұқыпты әрі сыпайы сөйледі. Залға кіргізуден бас тартуға ешқандай себеп болған жоқ. Жарысқа көрермендердің қатысуына жол беріледі. Оқиғадан кейін ол ғимараттан шығарылды», – деді әкімшілікте.

Облыстық полиция департаментінде аталған факті  Екібастұз қаласы полиция басқармасында тіркелгенін, сондай-ақ ер адам денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрғанын хабарлады. Полицейлер ер адамның жеке басын анықтады. Ол сотпен қабілетсіз деп танылған және медициналық мекемеде есепте тұр. 

Бұл факт туралы қамқоршымен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Екібастұз қаласының әкімдігіне хабар берілді.

 

Серіктес жаңалықтары