Қостанайда балабақша өртенді

Өртті сөндіруге 41 адам мен 8 техника жұмылдырылды.

Қостанайда балабақша өртенді
Фото: Қостанай облыстық ТЖД
968

Бүгін Қостанайдағы №4 бөбекжайдан өрт шығып, 121 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

ТЖД мәліметі бойынша, бірінші қабаттағы музыка кабинетінде ағаш және қағаздан жасалған сахналық бұйымдар, терезенің ағаш жақтауы және кеңсе жабдықтары өртенген. Аспалы төбе де еріп кетті. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған, деп жазды azattyq-ruhy.kz.

 «121 бала мен 14 ересек адам эвакуацияланды. Құтқарушылар келгенге дейін 18 қызметкер мен 30 баладан өз бетімен сыртқа шыққан. Өрт толығымен сөндірілді. Балалардың ешбірі зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 41 адам мен 8 техника жұмылдырылды.

 

Серіктес жаңалықтары