Медеу Арынбаев әйелінің қазасынан кейін неге үйленбегенін айтты

Қазір ұлын ұяға, қызын құтты орнына қондыруды армандайды.

Медеу Арынбаев әйелінің қазасынан кейін неге үйленбегенін айтты
Фото: YouTube
2693

Әнші Медеу Арынбаев «Менің өмірім» бағдарламасында марқұм жұбайы туралы сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі жарынан айырылған кезең ауыр болғанын айтады. Ал қазір ұлын ұяға, қызын құтты орнына қондыруды армандайды.

«Алғашқы 3-4 жылда қиын, ауыр болды. Рухани жағынан салмақ, сағыныш болды. Қазір күні-түні зарлап жүрмін деп айта алмаймын. Оның бәрі –  әдемі елес. Айгүліміз – Дәулет пен Даянаның аяулы анасы. Сүйікті жарымның жоғарыдан қарап тұрғанын білеміз. Ұлым мен қызымды бірінші періштесі – аяулы анасының әруағы қолдап жүреді. Мен оған сенімдімін. «Қайда жүрсің?» деп талқылап, түнде телефон соғатын ата-аналардың қатарынан емеспін. Бірақ қазір Дәулетім мен Даянам бір жақты болса екен деймін. Одан кейін өмірлік жолдас, жар, дос дейміз бе, кездессе екен деген тілегім бар. Махаббат шыңы, таза махаббат деген – ұл мен қыздың, ер мен әйелдің ойының бір жерден шығуы», – дейді Медеу Арынбаев. 

Әнші махаббат тақырыбындағы әндері марқұм болған жұбайына арналғанын айтты. Енді екеуінің үйлену тойындағы видеолары жинақтап, бейнебаян дайындап жатқанын жеткізді.

«Көп тыңдарманым Айгүлдің қандай екенін білмейді. Мен оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осы бейнероликте Айгүлді аша білген. Көпшілік сұрақтарға жауапты осы бейнежазбадан алады деп үміттенемін. Айгүлдің жарқын, шынайы, таза екендігі осы видеода суреттеледі. Тойымыз 1998 жылы 8 қарашада болған еді. Биыл 25 жыл толып қапты», – дейді әнші. 

 

Серіктес жаңалықтары