«Жаназадан қалмаймын, тойға бармаймын» – Асқар Жұмаділдаев

«Тойға бармау адамгершіліктен аттау болып саналмайды».

«Жаназадан қалмаймын, тойға бармаймын» – Асқар Жұмаділдаев
ашық дереккөз
2751

Ұлттық ғылым академиясының академигі, математик Асқар Жұмаділдаев Turkystan.kz. тілшісіне тойға бармайтынын мәлімдеді.

«Тойға бармаймын. Бара қалсам, төбе көрсетіп, тілегімді айтып,  сыйлығымды беремін де қайтамын. Еш уақытта 5 сағат отырмаймын. Ал жаназадан қалмаймын», – деді математик.

Академиктің айтуынша, тойға бармау адамгершіліктен аттау болып саналмайды.

«Тойға бармағаннан туыстық қарым-қатынас үзіледі деген бос сөз. Бұл әлдекімдердің қиялдан құрап алғаны. Мен тойға бармадым деп ешкіммен қарым-қатынасымды үзген емеспін. Тойларына келмеді деп менімен де ешкім байланысын бұзған жоқ», – деді ол.

Асқар Жұмаділдаев қазақтың тойы даңғазалыққа, дарақылыққа, мал шашпаққа ұласпауы керек екенін жеткізді.

«Тойдың «қысқа-нұсқа» деген тәртібі болуы керек. Жұрттың барлығы сол тәртіпке бағынуы тиіс. Тойды сағызша созуға болмайды. Тойды мақтан үшін өткізу дұрыс емес. Несие алып, той өткізу мүлде қате», – деді академик.

Серіктес жаңалықтары