Ашаршылық туралы архив құжаттарын жариялау жұмыстары жалғасатын болады – Сенат төрағасы

Мәулен Әшімбаев бүгінге дейін жеті том жинақ әзірленгенін айтты.

Ашаршылық туралы архив құжаттарын жариялау жұмыстары жалғасатын болады – Сенат төрағасы
ашық дереккөз
842

Ашаршылық туралы архив құжаттарын жариялау жұмыстары жалғасатын болады. Бұл туралы Сенат төрағасы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиында ұлттық құндылықтардың Әділетті Қазақстан құру жолындағы рөлі кеңінен талқылады.

Сонымен қатар, ұлттық бірегейлікті сақтауда тарихымызды жүйелі дәріптеу де аса маңызды. Тарих – ұлттың тағдыры. Онда біздің қиын да қилы жолымыз айқын көрініп жатыр. Біз одан тағылым алып, сол арқылы бүгінімізді байыптап, болашағымызды бағдарлаймыз. Сол себепті, тарихты әрдайым терең білуге, оны сақтауға, әсіресе, өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеуге міндеттіміз. Соның аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз Ашаршылық тақырыбы бойынша біраз архив құжаттарын жарияладық. Бүгінге дейін жеті том жинақ әзірленді. Бұл жұмыс жалғасатын болады. Мұның бәрі – ұлттық сананы жаңғыртудың тиімді құралдары, – деді Мәулен Әшімбаев.

 

Серіктес жаңалықтары