Маңғыстаудың 18 жастағы тұрғынынан 10 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Соттың санкциясымен 18 жастағы тұрғын 2 айға қамауға алынды.
Маңғыстау полициясы 10 млн теңгеден астам соманы құрайтын синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 7 қазан күні сағат 11:30-да «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Ақтау қаласының 29 шағын ауданында 18 жастағы азамат ұсталды.
«Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 30 синтетикалық есірткі мен 30 гашиш есірткі заты бар байлам тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 граммды құрайды. Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТТБТ-ға тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.