«Қатты жел тұрады»: Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

«Қатты жел тұрады»: Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay
1115

Қазгидромет 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктер еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстік шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Серіктес жаңалықтары