Индира Расылхан мәһрге қымбат сыйлық сұрайтын қыздар туралы ойын айтты

Әншіліктен дінге бет бұрған Индира Расылхан қыздардың мәһрге көлік пен үй сұрауы қалыпты жағдай деп санайтынын айтты.

Индира Расылхан мәһрге қымбат сыйлық сұрайтын қыздар туралы ойын айтты
Ашық дереккөз
1266

Индира Расылхан желідегі парақшасында жариялаған бейнежазбасында ер жігіттің бірнеше қызбен сөйлесіп көргенін және олардың мәһрге көлік, үй, гауһар тас сынды қымбат сыйлық сұрайтынын айтқан.

Әнші осыған қатысты өз пікірін білдірді.

«Сонда мәһрді көп сұраған қыз кінәлі болып тұр ма? Бұл мәселеге басқа жағынан қарауға болады. Ол қызға Алла сенің мүмкіндігіңді білгендіктен және сол дүниені берейін деп тұрғандықтан сондай ой салып тұр. Мұны мүмкіндік ретінде қабылдау керек. Тек мерзімін ғана келісу керек. «Бір жыл болса, бұйырса болады»деген сияқты. Сондықтан қорқудың, қыздарды кінәлаудың қажеті жоқ. Бұл Алладан келген мүмкіндік», – деп жауап берді ол.

Ол жігіттерге жауапкершілікті алудан қашпау керегін айтты.

«Некелескен әйеліңіз мәһрге не нәрсе сұрағаны, ол Аллах тағаланың ауызына салып отырған сөзі. Сондықтан жас жігіттерге ескерту, ондайдан қашпаныздар. Керісінше, сізге Аллах тағаланың оның берекесін 2-3 еселеп үйіп төгіп беретінін біліңіз», – деп жазды Индира Расылхан.

 

Серіктес жаңалықтары