Қайрат Боранбаев 33,75 млрд теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарды

Қайтарылған нысандардың барлығы әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылмақ.

Қайрат Боранбаев 33,75 млрд теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарды
ашық дереккөз
924

Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр. Бүгінде мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

«Сондай-ақ «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті. Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарлануда», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары