«Ұлттық қор – балаларға»: кәмелет жасына толмай қайтыс болған баланың ақшасын кім алады?

Министр қандай шешім қабылданғанын мәлімдеді.

«Ұлттық қор – балаларға»: кәмелет жасына толмай қайтыс болған баланың ақшасын кім алады?
ашық дереккөз
1315

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Ә. Қуантыров тұжырымдама әзірленген кезде дүниеден озған баланың жинағын Ұлттық қорға қайтару туралы норма болғанын, кейін ол алынып тасталғанын мәлімдеді.

«Біз Ұлттық қордың табысынан аударылған ақша ата-анасында қалады немесе өзге балаларының арасында бөлінеді деп шештік», - деді Ұлттық экономика министрі.

Ә. Қуантыров балалар Ұлттық қорда жинақталған қаржыны 18 жасқа толғаннан кейін қалай пайдалана алатынын айтты.

«Бала ақшаны кәмелеттік жасқа толғаннан кейін үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады», - деді министр.

 

Серіктес жаңалықтары