Түркістанда автобус жер үйдің қабырғасын бұзып, ішке кіріп кетті

Үйде егде жастағы ер адам болған.

Түркістанда автобус жер үйдің қабырғасын бұзып, ішке кіріп кетті
otyrar.kz
1268

Түркістанда жолаушылар автобусы жер үйдің қабырғасына соғылды, деп хабарлады turkystan.kz.

18 қазан күні Hyundai Accent автокөлігі №17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Нәтижесінде автобус жеке үйдің қабырғасын бұзып, ішке кіріп кеткен.

«Апат салдарынан автобустың бірнеше жолаушысы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ үйде егде жастағы ер адам болған. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ», – делінген otyrar.kz сайтының хабарламасында.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабымен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары