1472
СІМ Израильдегі қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасады
Бұған дейін Израиль СІМ шет мемлекеттердің қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен азаматтары туралы ақпарат таратқан болатын.
Израиль Сыртқы істер министрлігі бір қазақстандық қаза тауып, екеуі хабар-ошарсыз кетті деген ақпарат таратты. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мұны жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство Израильде хабар-ошарсыз кеткен және қаза тапқан екі қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығаратынын мәлімдеді.
Бұған дейін Израиль СІМ шет мемлекеттердің қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен азаматтары туралы ақпарат таратқан болатын. Олардың айтуынша, 218 адам қаза тауып, 78 адам хабар-ошарсыз кеткен.