Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларды төл мерекесімен құттықтады

Министр соңғы уақыттағы оқиғалар жүйе үшін үлкен сынақ болғанын айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларды төл мерекесімен құттықтады
Ашық дереккөз
1124

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов еліміздің құтқаругыларын төл мерккесімен құттықтады.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлерін, өрт сөндірушілерін, құтқарушыларын, әскери қызметшілерін, курсанттарын, оқытушыларын, барлық қызметкерлері мен мамандарын Құтқарушы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ең алдымен, бәріңізге жүктелген міндеттерді, оның қиындықтары мен қауіптілігіне қарамастан, абыроймен, адал атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын.

Соңғы уақытта тек біздің елімізде ғана емес, көрші мемлекеттерде де болып жатқан төтенше жағдайлар, біздің жүйе үшін үлкен сынақ болды.

Біздің құтқарушыларымыз гуманитарлық миссия атқару аясында Түркия мен Ауғанстанда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгенін ерекше атап өткім келеді. Кәсіби біліктілік деңгейі, жылдар бойы жинаған тәжірибесі, ең күрделі міндеттерді пысықтау жылдамдығы мен шапшаңдығы жағынан біздің құтқарушыларымыз үздіктердің қатарында болды.  

Сондықтан біздің азаматтарымыз ТЖМ қызметкерлерінің кез келген уақытта күні-түні көмекке келуге дайын екенін, әрбір адамды құтқару  үшін зілзаламен күресіп, тіпті өз өмірін қиятынын біледі. Өз міндеттерін атқару кезінде, басқаның өмірін құтқару жолында қайтыс болған әріптестеріміз мәңгі есте қалады. Өз ісіне адал қызмет етіп, құрметке ие болған және бүгінде өздерінің мол тәжірибесін жас құтқарушыларға үйретіп жүрген ведомствоның ардагерлеріне алғыс білдіргім келеді.

Бүгінде Құтқарушы күні төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою ісіне тікелей қатысатын мамандардың барлығын біріктіретін шын мәніндегі жалпыхалықтық күн болды. Адалдық, батылдық пен батырлық таныта отырып, қызметтік міндеттеріңізді абыроймен орындаңыздар!» - деді ТЖМ басшысы.

Серіктес жаңалықтары