Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікті ұсталды

Отырар ауданында 5 бала зорланған.

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікті ұсталды
Sputnik
835

Түркістан облысының 33 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz

Kazinform агенттінің мәліметінше, әлеуметтік желі белсендісі Оңғар Қабденнің жазуынша, Отырар ауданында 5 бала зорланған. Оның алды 9 жаста болса, соңы 7 жастағы жеткіншектер. Сондай-ақ жәбірленушінің біреуі ер бала болған.

«Түркістан облысы Отырар ауданы бойынша жеткен соңғы мәлімет. «Зорланған балалардың саны – 5» деген бейресми ақпарат бар», - деп жазды желі қолданушысы.

Аталған мәселеге орай ресми түрде жауап берген Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жедел іс-шаралар барысында күдіктінің ұсталып, тергеліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ өңірдің бас полицейі істің тергелуі жеке бақылауына алынғанын мәлімдеді.

«Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы ретінде, менің тапсырмам бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті іс-шаралардың барлығы жүргізіліп жатыр», - деп жазды өңірдің бас полицейі желідегі парақшасында.

Айта кетейік, полиция тарапынан ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, күдікті ер адам қазір өз кінәсін мойындаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тиісті сараптамалардың барлығы тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары