1539
БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер оның өлімін тіркегенін айтқан.
БҚО-да 18 қазанда қайғылы жағдай болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz.
Мұндай ақпарат "Мой город" порталына келіп түсті.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер оның өлімін тіркегенін айтқан.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ауыл әкімдігі бұл отбасының ешбір адамы есепте тұрмағанын жеткізді.