3227
Қабылбек Әліпбайұлы өзіне қатысты тараған қауесетке жауап берді
Ол өзін садақаның ақшасына Америкаға барып келді дегенді жоққa шығарды.
Белгілі уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы садақаның ақшасына қыдырды деген қауесетке жауап берді.
Бұл туралы уағызшы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.
«Садақа деген - мешіттегі мәселе. 2020 жылы Қарағандыдан Алматыға ауысып келдім. Содан бері мен мешітте имам емеспін. РАНТ мүшесімін.
Мешіттер халықтың садақасымен күнкөріп отыр. Қалалық жерде түсім көп болып, мешіттер жылуын жауып отыр. Ауылды жерде бұл жағдай қиын. Түсім өте аз.
Сол үшін, садақаның ақшасына жинап алып, шетелге барыпты дегенді қою керек, Құдай сақтасын. Кішігірім кәсібіміз де бар, Аллаға шүкір. Кәсіпкерлердің демеушілігімен, барып келген жағдайымыз бар», - деп уағызшы көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді.