Қытаймен визасыз режим қашан күшіне енетіні белгілі болды

Сыртқы істер министрлігі екі ел арасындағы визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енетінін жариялады.

Қытаймен визасыз режим қашан күшіне енетіні белгілі болды
Tengrinews.kz /Турар Казангапов
1635

Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап күшіне енеді.

«Құжатқа сәйкес, виза иелері жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) жүзеге асыру мақсатымен екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге, күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын бір мәрте немесе көп мәрте келу, кету, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады»,— делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары