Тауарды заңсыз алып өту үшін кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға пара берген азамат ұсталды

ҚМА-ның елордадағы департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны – 57 млн теңге.

Тауарды заңсыз алып өту үшін кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға пара берген азамат ұсталды
сурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды
758

Түркиядан зергерлік бұйымдарды заңсыз әкеліп, елорда әуежайынан кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлады turkystan.kz ҚМА-ға сілтеме жасап.

ҚМА-ның елордадағы департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны – 57 млн теңге.

Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген.

Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жарияланбайды, – дейді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Серіктес жаңалықтары