Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық есірткі тәркіленді

Бәйтерек ауылынан 45 жастағы ер адам ұсталды.

Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық есірткі тәркіленді
polisia.kz
619

Алматы облысының полицейлері шамамен сегіз мың бірреттік доза болатын синтетикалық есірткіні заңсыз айналымнан алып тастады, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қазан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ КПБ-мен бірлесіп, Бәйтерек ауылынан 45 жастағы ер адамды ұстады.

«Оның үйін тінту барысында ішінде ұнтақ тәрізді ерекше иісті заты бар 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген Альфа PVP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ал жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады», – делінген хабарламада.

Арнайы іс-шара барысында полицияға белгісіз ер адамның есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полициясында тіркелді. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Серіктес жаңалықтары