Катар инвесторлары Қазақстандағы банктің бірін сатып алмақ

Банкті бағалағаннан кейін катарлық инвестор бағаны анықтайды.

Катар инвесторлары Қазақстандағы банктің бірін сатып алмақ
ашық дереккөз
949

Катар инвесторы Bereke Bank-ті (бұрынғы "Сбербанк") сатып алу үшін бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

"Қазір әлеуетті инвесторлар шеңбері анықталып жатыр. Олардың ішінде ең пысықталған мәміле - Bereke мемлекеттік банкін сату. Қазір катарлық инвесторлармен бірлесіп дью-дилидженс (инвестициялау объектісін кешенді бағалау) рәсімі жүргізіліп жатыр)", - деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, банкті бағалағаннан кейін катарлық инвестор бағаны анықтайды. Сондықтан Bereke Bank-тің болжамды құнын Әбілқасымова атай алмады.

"Келіссөздер жүргізіліп жатқанда, біз өз тарапымыздан нарықтың тартымдылығын қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар қаржы нарығына кірудің жеңілдігін қамтамасыз ету үшін қыркүйектен бастап банк заңнамасын тексеруге кірістік. Біз шетелдік банктердің отандық нарыққа кіруі үшін жағдайларды тұрақтандырғымыз келеді", - деп толықтырды Мәдина Әбілқасымова.

Серіктес жаңалықтары