Жамбыл облысындағы жарылысқа айыпталған 6 адамға cот үкімі шықты
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты іске нүкте қойылды.
Шымкент қаласының әскери сотында екі жылдан астам уақытқа созылған атышулы іске қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Сот залында адам лық толы болды: журналистер мен айыпталушылардың туыстары соттың үкімін бір сағаттан астам уақыт тыңдады.
Бұл іс бойынша алты адамға: екі сарбаз және төрт әскери қызметкерге айып тағылды. Іс 800 томнан тұрады, сот залында 300-ге жуық жәбірленуші мен куәгердің сөзі тыңдалды. Сот үкімімен әскерилер кінәсіз деп танылып, ақталды.
«Ерлан Бошай мен Берік Омарбеков 453-бап бойынша кінәсіз деп танылып, толық ақталды. Аслан Бақытжанов 462-баптың 3-бөлігі бойынша ақталды. Бірақ 453-баптың 2-бөлігімен сотталды, бірақ 74-бапқа байланысты жазасын өтемейді. Сонымен қатар 49-бап бойынша подполковник шенінен айырылды. Руслан Несіпқалиев 462-баптың 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылып, ақталды, Несіпқалиев 453-баптың 2-бөлігімен сотталды, бірақ 74-бапқа байланысты жазасын өтемейді. Сондай-ақ ол 49-бап бойынша подполковник шенінен айырылды», - деді Шымкент гарнизондық әскери сотының судьясы Бөрлібай Қайыпов.
Екі сарбаз 9 жылын орташа қауіпсіздік колониясында өткізеді. Олар сот үкімімен 24 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өтеуге міндеттелді.
«Ерпулат Тұранов 459-баптың 1-бөлігі бойынша сотталды, 70-бап бойынша ол осы бап бойынша жазасын өтемейді. 202-баптың 1-бөлігі бойынша сотталды және 9 жыл режимі орташа түзеу колониясында болады. Әсет Әшірбай 459-баптың 2-бөлігімен, 70-бабы бойынша осы бап бойынша жазасын өтемейді. Ол 202-баптың 1.2-бөлігімен сотталып, 9 жыл режимі орташа колонияда өтейді. Тұранов пен Әшірбайға 24 миллиард 583 миллион 939 мың теңге көлеміндегі шығынды өтеуге үкім шығарылды», - деді судья.