3486
Афинаның ең биік нүктесінде Қазақстан туы желбіреді
Гректер үшін қазақ туының көтерілуі екі ел арасындағы достастықты білдіреді.
Республика күніне орай Қазақстанның көк туы Афинаның ең биік нүктесі - Ликавитос тауына көтерілді, деп хабарлады turkystan.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр биіктікте орнатылған Қазақстан туын тамашалады.
Гректер үшін көне де киелі жерде қазақ туының көтерілуі екі ел арасындағы достастықты білдіреді.
«Ерекше құттықтауды Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі ұйымдастырды. Оның басты мақсаты - сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету», - делінген хабарламада.