Ақтауда дәріден уланған екі бала көз жұмды

Тағы бес адам ауруханаға түскен.

Ақтауда дәріден уланған екі бала көз жұмды
Ашық дереккөз
2432

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"21 қазан сағат 08:50-де 102 кезекші пультіне №7 шағын аудандағы үйлердің бірінен шақырту келіп түскен. Шақыртуға жедел-тергеу тобы шықты. Мән-жайды анықтау барысында пәтерден 2021 және 2022 жылғы кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылды", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жәбірленушілердің төменгі қабаттағы көршісі пәтеріне қандалаға қарсы дәрі сепкен. 

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жеткізілген балалардың бірінің жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары