"Өлсем, мен өлейін": Саят Медеуов анасы қайтыс болған соң 14 күннен кейін көз жұмған әкесінің соңғы сөзін айтты

Әнші Саят Медеуов: анам дүниеден өткен соң әкем "Болды, осымен өмір бітті" деп он төрт күннен соң өзі де қайтты.

"Өлсем, мен өлейін": Саят Медеуов анасы қайтыс болған соң 14 күннен кейін көз жұмған әкесінің соңғы сөзін айтты
ашық дереккөзден
5328

Әнші Саят Медеуов Жетінші арнаның "Қызықты weekend" бағдарламасында анасы мен әкесі жайлы естелігін айтты.

"Әкем жетпіс тоғыз жаста еді. Анам дүниеден өткен соң "Болды, осымен өмір бітті" деп он төрт күннен соң өзі де қайтты. Таңғалдым. Өзі дайындалды. "Осымен өмір бітті. Жұмыс бітті. Бәрі тоқтады. Енді жұмысқа шықпаймын. Осымен болды" деді. Ковидтің кезі. Көп адам көз жұмды. Сонда ол кісінің қорыққаны мынау – "Жастар қырылып кетпесін, жастар аман болсын, мен сияқты өмір жасаған, көрген қариялар өмірден өтсе, жарасады. Өлсем, мен өлейін. Жастар аман болсын. Басымды құрбан еттім" деді де, жатып қалды. Содан көз жұмды.

Ішқұсалық па деп ойладым. Неше түрлі ойладым. Бірақ сөздеріне қарасам, олай емес секілді. Кететінін білген сияқты. Айтсаң, ертегі секілді. Анам кеткен соң әкемнің де кететінін түсіндім. Жатып қалды, тұрмай қойды. Укол салайын десек, "Салмай-ақ қойыңдар. Мен қабылдамаймын. Система да көмектеспейді. Осымен өмір бітті. Келген адамдарға шеберхана жұмыс істемейді, мені жұмысқа шықпайды деп айта салыңдар" деп айтты", – дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары