864
Алтын бағасы бір айда күрт өсті
Әлемдегі ең қымбат металдың бағасы кейінгі айда шамамен 7%-ға өсіп, бір унциясы 2 мың USD-ге жетті.
Алтын бағасы бір айда күрт өсті, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлемдегі ең қымбат металдың бағасы кейінгі айда шамамен 7%-ға өсіп, бір унциясы 2 мың USD-ге жетті.
Бұған Газа секторындағы жағдайға байланысты жаһандық геосаяси шиеленістің күшеюі, екінші жағынан, АҚШ ФРЖ-ның қатаң ақша-кредит саясатына байланысты доллар мөлшерлемесінің өсуі және соның салдарынан АҚШ долларының одан әрі қымбаттауы әсер етіп отыр.
Бұл факторлар бүкіл әлемдегі инвесторлар мен трейдерлердің тәуекеліне теріс әсер етеді. Яғни, алтынды өсіп келе жатқан геосаяси тәуекелдерден пана ретінде ғана емес, сонымен қатар облигациялар мен акциялардың қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың баламасы ретінде қарастыруға болады.