903
Оралда 17 жастағы қыз сегізінші қабаттан секіріп кетті
Студент қыз қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр.
Оралда студент қыз сегізінші қабаттан секіріп кеткен. Қыз баланың жағдайы ауыр, қазір реанимацияда жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
«21 қазан күні сағат 13:40-та облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына Досмұхамедов, 14/1 мекен жайындағы жатақханадан адамның құлағаны туралы жедел шақырту түсті. Оқиға орнына барған жедел жәрдеммен 2006 жылғы студент қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта студент реанимацияда жатыр, жағдайы ауыр», – делінген БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.
Студент қыз бастапқыда жақын жерде болғандықтан, облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.