Рамазан Амантай: бір әнді 15 минутта жазамын

Рамазан соңғы жеті жылда 400-ге жуық ән шығарған.

Рамазан Амантай: бір әнді 15 минутта жазамын
massaget.kz
1564

Көптеген әннің авторы, актер, қазір продюсер қызметін атқарып жүрген Рамазан Амантай Хабар арнасынан шығатын "Қызық live" бағдарламасында қонақта болды. Онда ол соңғы жеті жылда 400-ге жуық ән шығарғанын айтады. 

"400-ден астам ән шығардым. Жартысы шықпаған, жартысы онша емес. Оның 20-сы ғана хит болуы мүмкін. Жеті жыл бойы таза әнге сөз жазумен айналыстым. Жылына бір киноға ғана түсіп жүрдім. Жылына бір ай киноға түссем, қалған 11 ай бірдеңе істеу керек қой. Өзімді асырауым керек. Әннің ақшасы өзімді асырауға жетеді. Сөйтіп, жеті жыл бойы ән жаздым. Негізі, бір әнді 15 минутта жазамын", – дейді актер.

Серіктес жаңалықтары