Ақмарал Науатбек Азия пара ойындарының чемпионы атанды

Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

Ақмарал Науатбек Азия пара ойындарының чемпионы атанды
gov.kz
846

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV жазғы Азия пара ойындарында Ақмарал Науатбек чемпион атанды, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.
 

«Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Серіктес жаңалықтары