Республика күнінде адам көп жиналатын жерлер бақылауға алынады

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев мәлімдеді.

Республика күнінде адам көп жиналатын жерлер бақылауға алынады
ашық дереккөз
752

Республика күні адам көп жиналатын жерлер бақылауға алынып, полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, Республика күні мерекесінде еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі. 

24 – 26 қазан аралығында бүкіл жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Полиция жасақтары азаматтар көп жиналатын, әрі демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар бұл орындар жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторингілеу үшін министрлікте жедел штаб жұмыс атқарады. Ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады, – деп мәлімдеді ІІМ өкілі.

 

 

Серіктес жаңалықтары