Бейнесауалнама: Республика күні туралы не білесіз?

25 қазан – Республика күні.

Бейнесауалнама: Республика күні туралы не білесіз?
turkystan.kz
2103

2009 жылға дейін Республика күні 25 қазанда Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күн ретінде тойланып, демалыс күн болатын. Кейін ол мереке мемлекеттік мерекелер қатарынан шығып қалды.

Ал былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке статусын қайтаруды ұсынды. Яғни 2022 жылдан бастап бұл мереке қайта жанданды.

Осыған байланысты Turkystan.kz тілшісі елорда тұрғындары мен қонақтарынан Республика күні ұлттық мереке болып қайта бекітілгені және мереке жайлы не білетіндерін сұрап білді.

 

Серіктес жаңалықтары