Күн суытады: 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен алғашқы ызғар мен түнгі уақытта аяз сезіле бастайды.

Күн суытады: 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: ашық дереккөз
1193

24-26 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен алғашқы ызғар мен түнгі уақытта аяз сезіле бастайды.

Республика бойынша екпінді жел соғып, жауын-шашын жауады. Кей өңірде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ болып, құбылмалы ауа райы сақталады.

«Скандинавия түбегі аудандарынан суық арктикалық ауа массаларының кіруіне байланысты батыста, солтүстік-батыста және елдің солтүстік аймақтарында күн күрт суытады. Мәселен, республиканың батысында түнде ауа температурасы -6 +3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0-7 градусқа дейін, еліміздің солтүстігінде -5 +5 градусқа дейін болады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары