659
Атырау тұрғыны 65 жыл бойы кеңес үкіметінің құжатымен жүрген
Индер ауданының тұрғыны тек биыл, онда да, денсаулық жағдайы мен зейнет жасына шығуына орай мәселелер туындаған кезде ғана жеке куәлік алып отыр.
Кеңес үкіметі кезіндегі құжатпен өмір сүріп келген 1958 жылы туған тұрғын анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Индер ауданының тұрғыны тек биыл, онда да, денсаулық жағдайы мен зейнет жасына шығуына орай мәселелер туындаған кезде ғана жеке куәлік алып отыр. Ол полицейлерге жедел жұмысы мен көлдей көмегі үшін шексіз ризашылығын білдірді.
«Аудандық полиция бөлімі басшысының нұсқауымен көші-қон қызметі тобының аға инспекторы тез арада қажетті құжаттарды дайындап, ақсақалға жеке куәлік табыстады. Өткен жылы осыған ұқсас үш жағдай Құрманғазы ауданында тіркелді», - делінген полиция хабарламасында.