«Тәуелділігі жоқ»: Заңгер Төреғали Төреәліге қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаушы Төреғали Төреәлі көлік жүргізер кезде одан бұрын қорқор (кальян – еск.) шеккенін жеткізді.

«Тәуелділігі жоқ»: Заңгер Төреғали Төреәліге қатысты мәлімдеме жасады
Ашық дереккөз
768

Әнші Төреғали Төреәлінің қорғаушысы Эльнура Кішкенебаева өнерпаздың есірткіге тәуелділігі жоқ екенін айтты,  деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы заңгер Дина Төлепбергенге берген сұқбатында әңгімеледі. Көлікті тізгіндеген күні әнші ешқандай есірткі, алкогольді ішімдік қолданбағанын жеткізді.

«Бізде үш сағаттай уақыт болды. Біз Төреғали Төреәлінің қайда екенін білмедік. Біз оны іздеп жүргенде біраз уақытымыз кетті. Ал ол кезде өздері жалған сараптама тағайындап қойғанын білдік. Бірақ біз қанға сараптаманы қайта тапсырып шықтық. Ол кезде қан құрамында ешқандай есірткілік заттар болмады», - дейді адвокат Эльнура Кішкенебаева.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында қорғаушы Төреғали Төреәлі көлік жүргізер кезде одан бұрын қорқор (кальян – еск.) шеккені анықталғанын жеткізді.

«Көлік жүргізерден 1 күн бұрын Төреғалидің кальян шеккені белгілі болды. Бір емес бірнеше. Қандағы бөгде жағдай сол нәрседен шығуы мүмкін деген болжам бар. Бізде сараптамалар тағайындалды. Психология, наркологиялық сараптама тағайындалып, есірткіге тәуелдігі бар ма, жоқ па деген секілді сұрақтар талқыланды. Сараптаманы қайта тағайындап, біз Төреғали Төреәлінің есірткіге ешқандай тәуелділігі жоқ екенін анықтадық», - дейді Эльнура Кішкенебаева.  

Серіктес жаңалықтары