1185
Тірі қалу үшін күрес немесе жайлы жалғыздық: Елсіз аралда өмір сүріп көруге мүмкіндік беретін стартап
Клиенттердің бірі Индонезиядағы аралда 10 күн өмір сүру үшін 4 000 доллар төлеген.
Тірі қалу үшін күрес немесе жайлы ортада өз-өзіңмен оңаша қалу. Docastaway стартапы елсіз аралда жалғыз өмір сүріп көруге дайын адамдарға осындай екі опцияны ұсынады екен.
Бірінші нұсқа – жабайы өмір сүруге дайын экстремалдар үшін. Тек ұзын пышақ, су асты мылтығы және шақпақ беріледі. Бұл үшін күніне 95 доллар төлеу керек. Мұндай жағдайда өмір сүруге көбісі 5 күнге де шыдамайды екен. Қайтқысы келген адамдар үшін рация қарастырылған.
Екінші нұсқа — жалғыз, бірақ қолайлы жағдайда өмір сүресің: тамақ, үй, тағы да басқа қажеттіліктің бәрі бар. Бірақ бағасы қымбат: күніне 85 доллардан 400 долларға дейін. Клиенттердің бірі Индонезиядағы аралда 10 күн өмір сүру үшін 4 000 доллар төлеген. Бұл тек өмір сүруге, жол ақысы бөлек төленеді екен.