Қазақстанда қызылша ауруын жұқтырған балалар саны көбейді

Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында ауру дендеп тұр.

Қазақстанда қызылша ауруын жұқтырған балалар саны көбейді
rbsmi.ru
862

Елімізде балалар арасында қызылша ауруы өршіп барады, деп хабарлады turkystan.kz.

Республика бойынша 10 мыңға жуық жағдай тіркелген. Оның 80 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.

«Хабар 24» арнасының мәліметінше, әсіресе Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында ауру дендеп тұр.

Дәрігерлердің айтуынша, ауырғандардың көбі қызылшаға қарсы екпе алмаған.

 «Расталған 844 жағдай болды. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 28 пайызға көбірек. Қызылшаның алдын алу негізгі және ең тиімді құралы, бұл - вакцинация болып табылады. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес, балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы екпе 12-15 айлық және 6 жасында қайтадан жүргізіледі», – деді қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жөніндегі жедел орталықтың директоры Жәнібек Ерубаев.

Серіктес жаңалықтары